Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

190

Кеше Шымкент қаласында дауылды ескерту жарияланды. Түнде қатты қар жауа бастады, қатты желмен аралас, желдің екпіні 25 м/с.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың кейбір шағынаудандарында (Қазығұрт ш/а жартылай, Сайрам, Достык-1, Ақжар, Тұран ш/а, Кайнар бұлақ саяжай, Қайтпас-1,2, Самал-1,2,3 ш/а, Откормсовоз, Тұрлан эскпедициясы, Коммунизм бөлімшесі (абоненттер саны анықталуда) электр жарығы өшірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС күшімен жүргізілуде.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына мәлімет үшін 22 қаңтар күні сағат 07.20-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» (533-593-км, Түлкібас ауданы), Жамбыл облысы шекарасынан Айша бибі ауылынан метеорологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты автожолдарындағы көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.

Қолайсыз ауа райы қар, боран, қатты жел 23 қаңтарда да сақталады.
«112» басқару пультіне қала тұрғындарынан өтініш арыз-шағымдар түскен жоқ. Шымкент қ.ТЖ департаментінде шұғыл түрде жедел штабы құрылып, департаменттің күштері мен құралдары жоғарй деңгейдегі дайындыққа келтірілді.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы