Ситуациялық iKomek орталығында Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Абылайхан Балықбаев болды. Қала тұрғындарының тарапынан тұрғын үй мәселесі бойынша жиі қойылатын сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Атап айтқанда, жалдамалы пәтерлер мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін баспаналар туралы кеңінен сөз қозғады.

Айта кетейік, орталық ашылған уақыттан бастап 4,3 пайыз сұрақтар тұрғын үй мәселесі бойынша келіп түскен болатын. Бүгінгі таңда аталған сұрақтар толығымен қанағаттандырылды.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша сұрақтар бойынша 109 тегін байланыс нөміріне хабарласыңыздар…