Темекі өнімдері таңбаланады

351

Енді темекі өнімі жайлы мәлімет оның қорабында көрсетіледі. Бұл туралы бүгін ведомства өкілдері мәлімдеді.

Жауаптылар сөзінше таңба арқылы оның қайдан, қашан шыққанын анықтауға болады. Бұдан бөлек, шылымның контрафакт еместігіне де сол штрих код жауап береді екен. Осылай деген мамандар елдегі алаяқтардың қатарын азайтамыз деп отыр.

Алмат ИСМАИЛОВ, жоба менеджері: «NaqtySauda.Kassa – бағдарламалық бақылау-кассалық машина болып табылады және басқа БКМ сияқты жұмыс істейді. Салық төлеушілер үшін бұл қосымшаны Google маркеттен жүктеп, бақылау-кассалық техникаңызды тіркеп, іске асыру кезінде пайдалануыңыз қажет. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығын ұйымдастырдық, немесе техникалық қолдаудың e-mail жазуға болады. Бүгінгі таңда ақпараттық жүйеде 16 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Айта кетейік, онда филиалдары бар ірі желілер тіркелген. Яғни, бұл көрсеткіш филиалдық желілердің саны емес. 2D сканерге келетін болсақ, вендорлар 55 мыңға жуық сканер сатқан, бұл сауда нүктелерінің шамамен 60% қамтамасыз етеді».

Назерке Үкібасова