Түлкібас ауданында 140 отбасы баспаналы болды

142

Түлкібастық 140 отбасына су жаңа баспананың кілті табысталды. Бұл пәтерлер көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға берілген.

Қоныс тойын атап өткендердің қатарында 83 көпбалалы отбасы, 45 әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындар мен 12 мемлекеттiк қызметшi және бюджеттiк ұйым қызметкерлерi бар.

Жаңа үйден бөлек, Түлкібаста инфрақұрылымдық жұмыстары да оңтайлы шешімін табуда. Ауданда ішкі жолдарды жөндеу, абаттандыру сынды жұмыстар өткен жылы өз деңгейінде жүргізілген. Аймақтағы 67-ден аса шақырымды құрайтын 54 жол күрделі және орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Атап айтқанда 19,3 шақырым 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 49 шақырым 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көше жарықтандыруы бойынша 6 елді мекеннің 8 көшесіне соңғы үлгідегі жарықшамдар орнатылды.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңында Састөбе кентінде заманауи кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік суларды тазалау орынының құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Нұрлан Сұлтанбек