Түркістан-Шымкент-Ташкент маршруты бойынша темір жол магистралі салынады

201

Түркістан-Шымкент-Ташкент маршруты бойынша жоғары жылдамдықты темір жол магистралі салынады

Түркістан-Шымкент-Ташкент бағдары бойынша жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің құрылысы басталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

Оның айтуынша, бұл туризм саласында 22 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ал экономиканың аралас салаларында 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
«Ішкі туристер легі 22 пайыз өсіммен шамамен 4,5 млн адамға жетеді. ЖІӨ-дегі туризм үлесі 5,2 пайыз болады», – деді Үкімет басшысы.

Темір жол магистралінің ұзындығы 260 шақырым болмақ. Пойыз 1 сағат 48 минутта 250 км/сағат жылдамдықпен жүреді. Теміржол құрылысының құны – 307,5 миллиард теңге.
2021-2024 жылдар аралығында салынады деп жоспарлануда.