Үстел теннисінен ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты қаңтар айының 11-17 аралығында Қарағанды қаласында өткен болатын. Чемпионатқа Қазақстанның барлық облысынан 15 команда қатысты.
Шымкент құрама командасы 3 алтын және 5 қола медаль жеңіп алды. Аралас жұптық разрядта Бахыт Анель — 1 орын иеленді.
Қыздар арасындағы жұптық разрядта Бахыт Анель — 1 орын, жекелей разрядта қыздар арасында Миркадирова Сарвиноз — 1 орынға табан тіреді. Ерлер арасында жұптық разрядта Жамал Бекұлан мен Артукметов Ирисбек — 3 орынды иеленді.
Қыздар арасында жұптық разрядта Сарвиноз Миркадирова — 3 орын, ерлер арасында жекелей разрядта Артукметов Ирисбек — 3 орынға шықты.
Командалық есепте ерлер құрамасынан — Жамал Бекұлан, Әкімәлі Бақдәулет, Ирисалиев Сарвар, Артукметов Ирисбек, Алтай Азамат — 3 орынға шықты.
Командалық есепте қыздар құрамасы Миркадирова Сарвиноз, Бахыт Анель, Азатова Озода, Шапей Таңшолпан, Усипбаева Аида — 3 орынды иеленді.
Медальдық есеп бойынша Шымкент құрамасы Қарағанды облысынан кейін 2-орынға тұрақтады.
Еткен еңбек пен төккен тер ақталды. Жерлестеріміз осылайша мерейімізді асырды.
Шынар Оразова