Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталықта «Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.
Статистикалық мәліметтерге сай, жатыр мойнының қатерлі ісігі онкологиялық дерттер арасында ең жиі түрі болып саналады екен. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың нышандары тек екінші-үшінші кезеңде, ауру емдеуге көнбейтін кезде ғана анықталуда.
Аурудың алдын алу мақсатында елімізде 2018 жылдан бастап 30 бен 70 жас аралығындағы барлық әйелдер төрт жылда бір рет скрининг тексеруден өтуге міндеттелген. «Алайда көп жағдайда әйелдер өз денсаулығына немқұрайлы, жауапсыздық қарайды»,- дейді мамандар. Қалалық онкологиялық орталығында жатыр мойны қатерлі ісігі 2019 жылы 91 азаматша анықталып емделсе, өткен жылы 82 әйел тиісті ем-домын қабылдаған. Скрининг адам өмірін арашалап қалуына септігін тигізеді, сондықтан тексеруден бас тартпаңыздар деп кеңес береді ақ халаттылар.
Докторгүл ТӘЖІБАЙҚЫЗЫ, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының онкогинекологы: «23-ші қаңтарда қалалық онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді. Оған барлық әйелдерді шақырамыз. Келіп онколог-гинекологтардан кеңес алыңыздар,тексеруден өтіңіздер, тегін».
Шынар Оразова