Еңбектері елеулі абзал жандар

150

16 — нөмірлі бригада кезекті кезекшілікке түсті. Дәл осы құрамдағы ақ халаттылар қала тұрғындарын індеттің өршіген уақытында аман алып қалуға барын салды. Тіпті туған-туыстарынан алшақтап, жұмыста түнеуге мәжбүр болған.

Евгения Дубровина Шымкенттегі тәжірибелі кардиологтардың бірі. Медицина маманының айтуынша, пандемия кезінде адамдардың өмірге деген көзқарастары ерекше өзгерген.

Евгения Дубровина, дәрігер-кардиолог: «Бұл тек жедел жәрдем қызметкерлері үшін ғана ауыр кезең болған жоқ. Біз алғашқы кол ұшын созғандардың бірі болдық. Науқастармен де алғашқылардың бірі болып тілдесіп, жағдайын бақылаған да біз. Шағымдарды тыңдаған да біз. Пандемияның өршіген кезеңін барлығы сезінді».

Пандемия өршіп тұрған тұста көп ауыртпалық жедел жәрдем қызметкерлеріне түсті. Олар күн-түн демей кезекшілікке түсіп қана қоймай, науқастарды медицина мекемелеріне дер кезінде орналастыру да үлкен мәселе болды. Себебі ауруханаларда науқастарға орын тапшылығы қатты сезілді.

Евгения Дубровина, кардиолог: «Меніңше, барлығы бастарынан өткерген соң түсінді. Көбі жақындарынан, достарынан айырылды. Бұл қайғы әр отбасында орын алды деуге болады. Менің ойымша, екінші толқын басталды және біз алғашқы толқындағы қателіктерді жібермеуіміз керек. Ол үшін не қажет? Қарапайым қорғану тәсілдерін қатаң ұстау қажет. Яғни, бетперде киіп, қолғап арқылы сақтану керек».

Әртүрлі адамдар мен әртүрлі тағдырды байланыстыратын бір ғана үміт, анестезиолог — реанимотолог дәрігерлерінің де еңбегі ерен. Бұл асыра айтылған сөз емес — бұл жедел жәрдем қызметкерлерінің күнделікті өмірі. Жедел жәрдем қызметі көлігінің терезесінен әлем өзгеше көрінеді. Мұндағы уақыттың бағасы тым бөлек. Бастысы үлгеру.

Сәния Нариманова