COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі қалай өтуде?

112

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі қалай өтіп жатқандығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«COVID-19-ға қарсы QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынағының І және ІІ сатысын өткізу нәтижесінде бірінші және екінші рет бұлшық ет ішіне екпе жасау барысында жақсы төзушілік пен қауіпсіздік байқалды. Екінші рет вакцина салғаннан кейін оның SARS-CoV-2 вирусқа қатысты жоғары иммуногендік белсенділігі байқалды. Қазіргі уақытта тәуекел тобын қоса алғанда түрлі жас санатындағы 3 мың еріктіге клиникалық сынақтың ІІІ сатысы өткізіліп жатыр. Клиникалық зерттеу Алматы мен Тараз қаласындағы клиникалардың базасында өткізілуде», – делінген аталған министрліктің таратқан ақпаратында.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Қазақстан ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасына қатысты сауал қойылып, ол жауабын жазбаша беруге уәде еткен еді.