Шымкенттегі «Гранд-Прага» мейрамханасында орын алған қылмыстық іс ақыры сотқа жетті. Күдіктілердің түгел құрықталмағанына қарамастан сот 12 ақпанда басталмақ.
6-бап бойынша қозғалатын істе 4 күдікті ұсталған. Ал біреуі әлі күнге дейін іздеуде жүр екен. Осылай деген қаланың мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық резонанс тудырған істі алқа билер қарайтынын айтады.
Әбсаттар ШАХИДИНОВ, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы: «Қылмыстық кодекстің 99 бабымен екінші бөліктерімен «адам өлтіруге оқталды деген баппен, атыс қаруын заңсыз тасымалдады, қару-жарақты сақтады» деген баптармен және «өзін өзі өлтіруге дейін жеткізді» деген баппен және 274 бап деген бар интернет ресурстары арқылы заңсыз жарияланғаны туралы айыпталып отыр. Қылмысты талқылау енді тағайындалады, енді басталады».
Бұдан бөлек, судьялар осыдан екі жыл бұрын қаладағы «Сүндет» тойханасында орын алған қылмыстық істі де баяндады. Бір адамның өлімімен аяқталған криминалдық оқиғаға қатысы бар екі күдікті ұсталыпты. Оның бірі түрмеге жарақат алып түскен. Тағы екеуі әлі күнге дейін іздеуде. Нүктесі қойылмаған бұл істен бөлек жауаптылар былтыр өзге іске қатысы бар бір айыпталушының уақытша қамау абақтысында көз жұмғанын айтады.
Әбсаттар ШАХИДИНОВ, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы: «Қылмыстық оқиға Шымкентте болған. Өзінің танысы екеуі саяжайда бірге болған. Екеуінің арасында жанжал болып, пышақ тыққан. Жәбірленуші қайтыс болған. Ол өзінің әрекетін толық мойындап отырған, бірақ, жүрек талмасы бар екен, тергеу изоляторында қайтыс болды. Біз алғашында оны індетке байланысты ма деп ойладық. кейін қорытынды келді. Қорытындыға қарасақ, сол жүрек талмасынан қайтыс болған».
Осылай деген сот өкілдері Шымкентте былтыр қылмыстық істің азайғанын айтады. Есесіне жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық көбейген. Қайта өршіп бара жатқан азғындықтың енді оңай кешірілмейтінін жеткізген жауаптылар педофилдердің 20 жылдан өмір бойына дейін сотталатынын жеткізді.
Әбсаттар ШАХИДИНОВ, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы: «2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы қылмыс төмендеді. Біздің қараған істердің санының өзі төмен. Дегенмен кейбір санаттағы істер мысалы үшін жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс олардың өсіп отырғандығын байқауға болады».
Айта кетейік, өткен жылы Шымкенттің қылмыстық істер жөнінідегі ауданаралық сотында 66 азамат сотталған. Оның 48 пайызы адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылса, 33 пайызы есірткімен айналысып, айыпталған. Тағы 20 пайызы педофилдер болса, қалған 5 пайызы сыбайлас жемқорлық жасап түрмеге тоғытылды.
Назерке Үкібасова