Иесіз жануарларды өлтіру 20 пайызға көбейген

244

Елімізде қаңғыбас ит, мысықтар қатары артып барады. Осылай деген жауаптылар иесіз жануарлардың аулануы 20 пайызға көбейгенін жеткізді.

Сөздерінше, оған бөлінетін қаржы да азаймаған. Керісінше 53 пайызға өсіпті. Ит, мысық өлітурге қыруар қаржы бөлгенше орнына екпе салдыру керек деген мамандар сонда ғана жануарларға зорлығының жойылатынына сенеді. Айта кетейік, өткен жылы иесіз ит мысықтарды өлтіру үшін бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген болатын.

Қала берді елімізде жан-жануарларға көрсетілетін қорлық та кемімей тұр. Мұның дәлелі ретінде бейнежазбаға түсіріліп таралған талай видеоны алуға болады. Еске салайық, былтыр төртаяқтыларды қорлау бойынша 49 факт анықталған.

  Назерке Үкібасова