Интернеттен бас тарту қаншалықты қиын?

244

Қаңтардың соңғы жексенбісі дүниежүзілік интернеттен бас тарту күні. Бұл дата биыл қыстың соңғы күні 31 қаңтарға түсіп тұр.

Шымкенттіктер бұл күні ғаламтордан қаншалықты алыстай алады? Тұрғындар сөзінше қазір әлеуметтік желіден жырақтау мүмкін емес. Десе де, уақытты жоғалтпау үшін интернетте отыру мерзімін шектейтіндер де бар екен.

3-курс студенті Сара Сахынбек қазір бар жұмыстың ғаламторға байланғанын айтады. Карантин басталғалы оқуы да онлайнға өткен ол ұялы телефонды күніне 10 сағат қолданам дейді. Сөзінше бұған дейін интернетте отыру мерзімі әлдеқайда көп болған. Алайда, уақытының бекер кеткенін білген ол жүктеме арқылы желілерде отыруға шектеу қойыпты.

Сөйтсек, ғаламторға тәуелділік қала тұрғындарының басым бөлігінің бас ауруына айналған екен. Шымкенттіктер сөзінше қазір бір күнді интернетсіз өткізу мүмкін емес. Әлеуметтік желіні сағат сайын ақтарамыз деген жерлестеріміз көп уақыттың ғаламторға жұмсалатынын мойындайды.

Жалпы Қазақстан интернет бағасының арзандығы бойынша әлемде үшінші орында. Біздің алдымызда Үндістан мен Қырғызстан Республикасы тұр. Ондық ішінде Украина, Руанда, Суан, Моңғолия сынды мемлекеттер бар. Ал ғаламтор жылдамдығы бойынша біздің ел әлемде 95-орынға жайғасыпты.

Айта кетейік, қаңтардың соңғы жексенбісі дүниежүзілік интернеттен бас тарту күні. Биыл бұл дата 31 қаңтарға түсті. Алайда, аталмыш күні отандастырымыздың желіден бас тарта салуы екіталай. Себебі жұртшылық арасында «Интернетсіз өмір бос» деген сөз жиі айтылады. Ал сіз ғаламтордан бір күн бас тарта аласыз ба?

Назерке Үкібасова