24 ақпан күні сағат 11:00-де қала әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылды қорытындылап, халық алдында есеп беретін болады.
Есепті жиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өтеді. Ертең әкім есебі «ОҢТҮСТІК» телеарнасында және әкімдіктің Instagram желісіндегі @akimat_shymkent, Фейсбуктегі «Шымкент қаласының әкімдігі» ресми парақшасында және Шымкент қаласы әкімдігінің ютуб каналында жүргізілетінін хабарлаймыз.
Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын 109 телефонына хабарласып қоюға немесе әлеуметтік желі арқылы жазып жіберуге болатынын естеріңізге саламыз.