Қала қайыршылардан тазартылуда…

62

Шымкент қаласы Полиция департаментінің “Жедел әрекет ету” чатына жол бойында қайыршылықпен айналысқан азамат туралы хабарлам келіп түсті. Өз кезегінде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет жасап, аталған азаматты полицияға жеткізді.

Аталған азаматқа қоғамдық орында қайыршылықпен айналысып жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал Жандосов көшесінің бойындағы аялдамалардың бірінде масаң халде жатқан азаматты Еңбекші ауданы Полиция басқармасынының учаскелік полиция инекторлары уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпаны аралығында қала аумағында «Таза қала» іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шара барысында қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау, тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған адамдарды тексеру, іздеудегі адамдарды ұстау, автокөлікті жөндеу орындары мен темір қабылдау пункттерін тексеру жұмыстары жүргізілуде.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі