Шымкент: Өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 13 жағдай анықталды

121

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 3 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 індетінің 5896 жағдайы тіркелген. Оның 3003-і симптомды болса, 2893-ы симптомсыз. Нәтижесінде 5391 адам емделіп шыққан.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 897-сі бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 163 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына бұл індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғандығын айтып, дабыл қағуда. Дәрігерлер сақтық шараларын қатаң түрде сақтап, адам көп шоғырланған орындардан мейлінше аулақ болып немесе арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруін ескертеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы