Шымкентте оқушылар арасында «Ұлттық мектеп лигасы» өтуде

245

Қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Шымкенттегі №132 мектепте «Ұлттық мектеп Лига» республикалық жарыстары бастауын алды.

Іс – шараның мақсаты балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.

Сайыстар спорттың 10 түрі бойынша ақпан мен сәуір айлары аралығында өтеді. 10 мыңнан астам оқушы қатысатын жарыс төрт кезеңнен тұрады. Бастапқыда – іріктеу, екінші аудандық, үшінші-қалалық, қорытынды-республикалық додада кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, гандболдан үздік команда анықталады. Жеңімпаздар ҚР білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломдарымен марапатталады.

Шынар Оразова