Шымкент қаласындағы «PHYTO-APIPHARM» ЖШС 2005 жылы кішігірім жанұялық бизнес ретінде құрылған. Дәрігер-фитотерапевт Андрей Коротков өзінің авторлық «Коротковтың бальзамдары» өнімін шығаруды бастаған.

2018 жылы Кәсіпкер «Даму» қоры«Аймақтық қаржыландыру «ONтүстік өнімдері» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктен 8,5% несие рәсімдеп, өндіріс көлемі кеңейткен.

«PHYTO-APIPHARM» компаниясының барлық өнімдері – өсімдік және жануарлардан алынатын табиғи шикізат негізінде жасаланылады.

–Біздің өнімдер – білікті мамандардың арнайы рецептуралар бойынша әзірленген және барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жоғары сапасын қамтамасыз етеді,- дейді кәсіпорын жетекшісі Андрей Коротков.

Кәсіпорында адам денсаулығын жақсартуға арналған бальзамдар, жүрек-қан тамырларына, еркек пен әйелдердің жыныстық ауруларына, сүйек ауруларына, өкпе-бауыр және т.б. адам ағзасына пайдалы дәрі-дәрмектер өндіріледі.