«СRACKING CATALУST» ЖШС-і 2020 жылды жемісті қорытындылады

101

«Сracking catalуst » ЖШС-інің  негізгі бағыты – Шымкент мұнай өңдеу зауытына каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамтамасыз ету. Бұл қондырғылар мұнайды терең өңдеп, жанармай және мотор майларын өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын каталитикалық крекинг өндіу үшін қытайлық компаниямен жұмыс істейді. Шетелдік компания бұл саладағы әлемдік көшбасшылардың біріне жатады.
Тәжіхан ЖАҚСЫБАЕВ, «Сracking catalуst » ЖШС бас директоры: «Өткен жыл баршамыз үшін қиын жыл болды. Пандемияның әсері болды. Үкіметке алғысымыз шексіз. Қолдау көрсетті. Карантин шараларына қарамастан, 2020 жылды  табысты аяқтап, қала бюджетіне 500 млн. теңге  көлемінде салық  аудардық. Бұл дегеніміз  қазынаға түскен қаражат  бюджеттік қызметкерлердің  айлығын, зейнеткерлеріміздің зейнетақысын төлеуге, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүкіндік береді. Қызметкерлерімізді жеке қорғаныс заттарымен қамтып, жұмыс істеуінен барлық жағдай жасадық. Жалақыларын  2020 жылы 10 пайызға, 2021 жылы 9,5 пайызға көбейттік».

Аталған кәсіпорын Шымкентте мұнай өңдеу саласына қажетті каталитикалық крекинг катализаторын шығаратын зауыт салуды жоспарлаған еді. Жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі белгіленіп, құжаттар да рәсімделіп жатқан болатын.

«Сracking catalуst » ЖШС бас директоры: «Серіктестеріміз  пандемияға байлынысты жобаны  кейінге қалдырған еді. Әріптестерімізбен онлайн жиналыс өтті. «Жобаны жалғастырамыз» деп жақсы хабар жеткізді.  Елімізде үш мұнай зауыты  бар, алайда өндірістеріне қажетті  шикізатты расфасовка жасайтын Қазақстанда зауыт жоқ. Зауыт іске қосылса, отандық өнім  Қазақстаннан бөлек, көрші мемлекеттерге және  Индияға  жіберіледі».

2017 жылдың соңында ашылған «Сracking catalуst” компаниясының жұмысы жүйелі. Өндіріс базасы, кәсіпорынның өз қоймалары бар. Кәсіпорын түрлі қойытылған ерітіндіден каустикалық сода да дайындайды. Өндірісте озық технологиялар кеңінен қолданылып жатыр.

Жыл басынан  «виртауалды қойма»пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жүйе арқылы  көлеңкелі экономикаға тосқауыл қойылады  деген сенімдемін,- дейді  серіктестіктің басшысы.

Шынар Оразова