Түркістан облысында бірнеше жолдар жабылды

162

Түркістан облысында ауа – райының күрт өзгеруіне байланысты жол қозғалысы шектелді. 24 ақпан сағат 20:40-тан бастап Түлкібас ауданындағы республикалық маңызы бар жол жабылған. Бүгін түсте Созақ, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс тоқтады.

Боранды күні жолда қалған жолаушыларды құтқарып жатыр. Түлкібас ауданының Шақпақ баба ауылы тұсында 68 жеңіл көлік, 144 жүк көлігі, 30 жолаушылар тасымалдайтын көлік қалып қойыпты. Төтеншеліктер жолда қалған 1180 адам құтқарған.

Олжас Айдарбек