Жарты сағатта 5 млн. теңге…

172

Несие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, әсіресе шағын және орта бизнес иелеріне қолбайлау болып келген. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жас кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың көкейінде жүрген мәселелерді бірлесе талқылады.

Шағын бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасына жаңашылдық енгізілді. Енді 5 млн. теңгеге дейін екі жылға кепілдіксіз несие алуға мүмкіндік бар. Ол үшін небәрі жарты сағат кетеді. Несие алуға жеке куәлік пен кәсіпкерлік құжат жеткілікті.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: «Жарты сағатта 5 млн. теңге. Еш кепілдіксіз. Мұндай бұрын соңды болмаған. Қазір осында банк өкілдері келіп отыр. Мүмкіндікті пайдаланып, кепілдіксіз несие алып, кәсіптеріңізді ары қарай  дамытыңыздар. Кепілдіксіз несие шағын және орта бизнес өкілдері үшін  керемет мүмкіндік. Қазір үкімет тарапынан қолдау жақсы. Тиімді шарттар».

Шынар Оразова