Жетімдерге берілген үй әлі жөнделмеген

151

Шымкентте 24 елдімекені бар Қаратау ауданында өркениетке қол жеткізе алмай жүргендер көп. Мәселен мұндағы «Таскен» шағынауданы тұрғындары әлі күнге дейін сапалы электр жарығын армандап келеді. Тұран мен азаттықтар да тура сондай күн кешіп жүр. Мұны аудан басшысы да мойындап отыр.

Коммуналдық мәселеден бөлек Қаратауда жер дауы да жетерлік. Мысалы, «Нұртас» пен «Азат» шағынауданы тұрғындары әлі күнге дейін жер құжатына ие бола алмай жүр. «Мәселеге қанықпыз»,- деген қала әкімі қазір заң бойынша тексерістің жүріп жатқанын айтады.

Еске салайық, осыған дейін арнамыздан жетімдер үйінен шыққан азаматтардың жанайқайын жеткізген едік. Мемлекеттік бағдарламамен Қаратау ауданынан үй алған олар жаңа құрылыстың сапасы сын көтермейтінін даулаған болатын. Алайда, арада екі жыл өтсе де мәселе сол күйі шешімін таппапты.

Есесіне, құбырдан су кетіп үйі қақыраған азаттықтар мәселесіне нүкте қойылыпты. Еске сала кетейік, 2019 жылы аудандағы 3 үй көшедегі құбырдың тесілуінен жапа шеккен еді. Аудан әкімі тараптардың тіл табысып, ымыраға келгенін айтады.

Назерке Үкібасова