1-наурыздан бастап оқушылар аралас форматта білім алады

180

1-наурыздан бастап еліміздің білім ұяларындағы оқу форматы тағы өзгерді. Енді 1 сыныптан 5- сыныпқа дейінгі оқушылар мектепке қайта оралмақ. Бірақ олардың білім алу жүйесі аралас форматта жүргізіледі.

Ал, халықаралық мектептерде рұқсат 1 сыныптан 7 сыныпқа дейінгі оқушыларға берілді. Осылай деген Білім және ғылым вице-миристрі бұдан бөлек оқушыларға білімді толықтыру үшін жеке оқыту да қарастырылып отыр.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР Білім және ғылым вице-министрі: «Өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді. Бұл ретте мектептер осы оқу жылында қолданыстағы жұмыс оқу жоспарларын басшылыққа алады. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндерін 1-5 сыныптарда қашықтан синхронды форматта қалдыруды, қалған пәндерді штаттық форматқа көшіруді ұсынады».

Осылай деген вице-министр балалар ауру жұқтырған не науқаспен байланыста болған жағдайда сабақтан қалатынын мәлімдеді. Және ұстаздар мен ата-аналарға балалар денсаулығына абай болу керектігін, санитариялық тазалықты сақтауды тапсырды. Еске салайық, еліміздің бас санитар дәрігері 27-ақпанда жаңа қаулы шығарған еді. Онда 1- наурыздан бастап белгілі бір сынып оқушыларының аралас форматта оқуына берілген еді.

Назерке Үкібасова