Beeline абоненттері жолақыны телефон теңгерімінен төлей алады

167

Компания Түркістанда жолақыны sms арқылы төлеу мүмкіндігін ашты. Енді жолақы мобильді теңгеріміңізден ұсталады.

Төлеу үшін, автобус салонынан көлік кодын тапсаңыз болды. Содан соң оны 2505 нөміріне SMS-хабарлама түрінде жіберу керек. Жауап ретінде қолданушы электронды билетті SMS түрінде алады, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін.

Қызметті №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10, №12, №13, №30, №31 бағыттарда қолдануға болады. Жолақы 70 теңге.

Компания бұл төлем әдісіне қоса, QR кодты сканерлеу арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді. Жолақыны төлеу үшін QR-кодты сканерлеу немесе «Менің Beeline-ым» қолданбасында (Көлік бөлімі) көлік кодын жазу керек. QR-код пен көлік коды автобустардың салонындағы жапсырмада. Жолаушыға жауап ретінде электронды билет SMS-хабарлама түрінде келеді.

«Түркістан қаласының тұрғындарына қоғамдық көлікте жолақыны қауіпсіз әрі тез төлеуге мүмкіндік беретін амал-шарттың ашылғанын қуана хабарлаймыз. Бұл төлем әдісі Қазақстанның басқа қалаларында кең сұранысқа ие. SMS арқылы төлеу үшін, смартфонның болуы немесе интернетке қосылу шарт емес. Оған қоса, жуырда жолақыдан кэшбэк алып, үнемдеуге мүмкіндік беретін акцияны бастауды жоспарлап отырмыз, компания жаңалықтарын қарап жүріңіздер», – дейді Цифрлы қаржы сервистері қызметінің Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли.

Жолақыдан бөлек, коммуналдық қызметтердің, интернет пен ТВ-ның ақысын, айыппұлдар мен салықтарды төлеп, ақша аударуға болады және басқа да мүмкіндіктер бар – осының бәрін Beeline абоненттері қолдана алады.

«Менің Beeline-ым» мобильді қолданбасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қолдана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz