Бір қолда – сыпырғы, бірінде – қолшатыр…

493

Бүгінгі жаңбырлы, суық күн райы әлеуметтік сала қызметкерлеріне сенбілікті атқаруға кедергі келтіре алмады.

Шараның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

Оған Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де қатысып, ортақ шаруаны бірлесе атқарды. Басқарманың және басқармаға бағынысты мекемелердің қызметкерлері жаңбырлы ауа райына қарамастан қолшатыр алып, қаладағы Жәнібеков көшесін қоқыстан тазартып, шаһар тазалығына үлес қосты.

Әлеуметтік қорғау саласының ұжымынан құралған 100 ден аса адам қажетті құрал-саймандарын сайлап, өздеріне тиесілі аумақты тазартып шықты. Осылайша сала қызметкері мегаполистің қоршаған ортасын таза ұстауға, экологияның жақсаруына қолғабыс жасады.