Қазақстанда өткен тәулікте 1105 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 195, Алматы қаласы — 341, Шымкент қаласы — 22, Ақмола облысы — 45, Ақтөбе облысы — 50, Алматы облысы — 104, Атырау облысы — 65, Шығыс Қазақстан облысы — 19, Жамбыл облысы — 10, Батыс Қазақстан облысы — 76, Қарағанды облысы — 92, Қостанай облысы — 40, Қызылорда облысы — 4, Маңғыстау облысы — 5, Павлодар облысы — 25, Солтүстік Қазақстан облысы — 7, Түркістан облысы — 5. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 236 200.
Осы орайда шымкенттік дәрігерлер коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс екенін ескертеді. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып бере алады.
Себебі, науқаспен байланыста болған азаматтардың инфекция тарату қаупі жоғары. Сондықтан өзгенің өміріне қауіп төндірмей, карантин талаптарын қатаң ұстану шақырамыз!