8 наурыз күні таңертең сағат 07.00-де» 102 » қызметінен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Республика даңғылы бойынша көппәтерлі үйдің 5-қабатының төбесінен белгісіз әйел (болжам бойынша суицид әрекеті) секіргісі келетіні туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар екі топқа бөлінді. Бір топ үйдің эвакуациялық (өрт) сатысымен көтерілсе, екіншісі жедел шатырға көтеріліп, 1988 жылы туған азаматшамен келіссөздер жүргізді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жазатайым оқиға орын алмады.
Құтқарушылар әйелді баспалдақ маршы арқылы түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оқиғаның мән-жайын тергеуді Әл-Фараби АІІБ полиция қызметкерлері жүргізеді.
Оқиға орнында «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің 6 адамы мен 2 техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі, медицина апаттар орталығы филиалының 1 бригадасы жұмыс істеді.