Сыпырушылардың еңбегін бағалайық!

288

Біз нәзік жандылар жайлы материалымызды жалғастырамыз. Әскерилер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер және де өзге де мамандық иелері.

Бұл жолғы кейіпкеріміз көп жылдары сыпырушы қызметін атқарып жүрген- Дариға Романова. Әріптестерімен бірге ол көше, аулаларды тазалап, қаланың көрікті болуына атсалысуда.

Дариға Әліқұлқызының жұмысы таңғы 6-дан басталады. Әйел өзі сияқты жұмысшылармен Шымкенттің көшелерін тазалайды. Учаскесі Әл- Фараби ауданында болғандықтан 40 -қа жуық шақырымды сыпырып шығады. «Бір жағынан айналамыз тазаланып қалса, екіншіден таза ауада денеміз шынығады», -деп әзілдейді Дариға.

«Ой, біз көп жүреміз. Мәселен, бүгін ескі қаладан Т. Әлімбетов көшесінде дейін жүріп келдік. Түске дейін әрине шаршаймыз. Далада жұмыс істеген пайдалы деп өзімізді жұбатамыз»,-  дейді Дариға.

Дариғаның төрт баласы бар. Біреулер бұл кәсіпті таста дейді, алайда әйел «бұл менің таңдауым. Жайдан жай үйде отырғанша сүйікті қалама пайдамды келтіргім келеді. Жұмысым да өзіме ұнайды»,- дейді ол.

«Әйелдің бақыты- бақытты болу. Шаңырағыңда тыныштық, балаларың аман болса, сол бақыт» деп есептейді көпбалалы ана.

Әйелдер ұжымында көңілді. Түскі үзілісте қуаттанып алған әйелдердің бірі үміт, мейірім және махабат жайлы әуенін салады. Олар барлығы жақсы болатынына сенеді. Әрбірі сүйікті және қымбат болғанды қалайды.

Дариға: «Ер кісілерсіз болмайды, ауыр жұмысты солар жасайды. Біз сыпырамыз, ал олар болса қоқысты тасиды. Олар біздің қамқоршыларымыз. Оларсыз қайда барамыз?».

Бригадада жалғыз еркек бар, сондықтан оны сұлтан деп атаймыз. Әйелдердің көңілінен шығу оңай емес. Олар тым талапшыл».

Жыл сайын 8-ші наурызда сыпырушылар жұмысқа таңғы 6-дан кіріседі. Мереке күніне қарамастан. аулалар, көше жолдарын тазалайды. Тынбай еңбектеніп, сіз бен біздің өміріңізді көрікті етуге тырысады.

Шынар Оразова