Түркістан облысының тұрғыны 100 адамға арналған көкпар ұйымдастырған

300

Отырар АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары рейд барысында, кезекті көкпар ұйымдастыру жайтын анықтады. Ат спорты жарысы Отырар ауданы Қоғам ауылының маңында 100-ден астам адамның қатысуымен өткен.

Полицейлер бірден әрекет етіп, көкпар батаның одан әрі өткізілуін тоқтатты. Жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлығын үйлеріне таратты.
Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материалдар жинақтап, әкімшілік хаттама жасау және сотқа жолдау үшін СЭББ-ға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауды, бұқаралық спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуден бас тартуды ескертеді. Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажет. Сондай-ақ, медициналық бетперделер мен қолғаптар киіп, антисептиктерді қолданып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған жөн.