ҰБТ-ны электронды түрде тапсыру наурыз айынан басталады. Көктемдегі сынақ биыл 10-наурызға жоспарланып отыр.
Оған жоғары оқу орынының ақылы бөліміне түсуді жоспарлап жүрген талапкерлер қатыса алады. Ол үшін мектеп бітіруші түлектер app.testcenter.kz сілтемесі бойынша өтуі керек.
Осыдан кейін бір комьютер, бір камера, бір тестілеуші қағидасымен білімін сынайды. Айта кетейік, оқушыларға берілген уақыт тура 4 сағат. Осы аралықта олар үш міндетті және 2 бейінді пәннен сұрақтарға жауап береді. Күні ертең басталатын тест науқаны 10 сәуірге дейін жалғаспақ.
Назерке Үкібасова