Beeline Шымкенттегі көлікте төлеудің жаңа әдісін хабарлады

781

 

Енді жолақыны теңгерімнен SMS қана емес, *2222# USSD пәрменімен де төлеуге болады. Оның үстіне, екі есе арзын жүре аласыз – әр төлеген сайын, теңгеріміңізге 50% кэшбэк қайтарылады.

Жолақы төлеу үшін:

– Салоннан көліктің 4 таңбалы коды бар жапсырманы табыңыз, сондай-ақ ол код валидатор экранында;
– *2222# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басыңыз;

– Көліктің 4 таңбалы кодын жазып, «Жіберу» немесе «Жауап беру» пернесін басыңыз;
– Жауап ретінде Сізге SMS-билет келеді, оны контролерға көрсетуге болады;
– SMS жіберу тегін. Жолақы 70 теңге. Қайтарылатын кэшбэк 35 теңге. Акциямен күніне 5 рет жүруге болады.

Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары көлікте SMS және USSD пәрмен арқылы төлей алады. Қызметтердің артықшылығы – қауіпсіздігі мен қарапайымдылығы. Жолақыны теңгерімнен интернет немесе смартфонның болғанына қарамастан төлеуге болады.

Жолақыны *2222# пәрменімен төлейтін жаңа әдісті байқап көріңіз және жолақы жеңілдігін алыңыз. Сапарыңыз сәтті әрі тиімді болсын!