Нұротандықтар қоғам белсенділерімен шаһарда ағаш көшеттерін отырғызды

168

Қасиетті рамазан айының бірінші күні «НұрОтан» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Азаматтық Альянс» қауымдастығының бастамасымен шаһардың үш ауданында экологиялық акция өтті.

Шара барысында Абай ауданында 1 600 түп шаған мен терек және 150 түп қарағай көшеттері отырғызылды. Жасыл желектің күтіміне қалалық коммуналдық қызметімен бірге өзіміз де қарайтын болдық дейді ауыл ақсақалдары.

«Шұғыла» шағынауданындағы Жаңа қоныс көшесін көгалдандыру қарқын алған. Ағаш көшеттерін Семей полигонында әскери борышын өтеген және Чернобыль ардагерлер одағының жігіттері отырғызуда.

«Чернобыль апатына биыл 35 жыл,  сол  атаулы  датаға  орай біз халықпен бірге қаланың көркеюіне үлес қосуды ұйғардық. Шыршаларымыз болашақта мәңгілік сая берсін, мегаполисіміз көрікті болсын»,- дейді Чернобыль Ардагерлер Одағының төрағасы Сайфулин НАХБАЕВ.
«НұрОтан» партиясының Шымкент қалалық филиалы,» Азаматтық Альянс» қауымдастығының бастамасымен шаһардың үш ауданында экологиялық акция өтуде. Абай ауданында 1600 түп шаған мен терек, 150 түп қарағай отырғызу жоспарда. Бүгінгі игі ісіміз еліміздегі «Жасыл Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына қосқан үлесіміз дейді белсенділер.
Жұмағали БІЛІСБЕКОВ, Шымкент қаласы бойынша «Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрағасы: «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жылда 2 млрд. ағаш көшеттерінің 15 млн. елдімекендерде отырғызылсын деп тапсырма берген. Шымкенттің экологиясын жасқарту үшін жасыл желек көп отырғызу керек. Әрбір адам бір тал отырғызса, шаһарда 1 млн. ағаш жайқалады. Шымқаламыз жасыл қалаға айналады».

«Мұндай шаралардың жастарға берері мол,  бұл үлгіні олар жалғастырады»,- дейді «Нұр Отан» партиясының Шымкент қ. Абай ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан БЕРТАЕВ.

Көшеттер Қазығұрт ауданындағы Алтын төбе шаруашылығынан жеткізіліпті. «Шұғыла» шағынуадынының ақсақалдары жасыл желектің күтіміне қараймыз деп уағдаласты.

Амантұр БЕГІМБЕТҰЛЫ, «Шұғыла» шағынауданының ауыл биі: «Шалдарды жинап айтам ағаштарды балалар сындырып кетпесін бізге жасаған жақсылық үшін рахмет ағаштардың жетіліп кетуіне жағдай жасаймыз суғарамыз».

Аға буын өкілдері Оразаның бірінші күнінде отырғызылған ағаштар жерсініп, тез жетіледі дейді.

Шынар Оразова