Көпқабатты үйлердің тұрғындары ортақ қаражатты қайда жұмсауды өздері шешеді. ШЫмкентте «Бір үй — бір бірлестік — бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі енгізілуде. Жаңа реформаға сәйкес тұрғындар басқарудың мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті таңдауы қажет. Бұл қараша халыққа қаншалықты тиімді?
«Бір үй –бір бірлестік-бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйдің басқару жүйесі реттеледі. Осылай деген шымкенттіктер шенеуніктер тұрғындарды кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа реформасы мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік құруға шақырып отыр. Сөздерінше, бұл өзгеріс тұрғындарға өте ыңғайлы. Себебі, енді пәтер иелерінен жиналған қаржыны жұрт қайда жұмсау керектігін өздері бірлесіп шешеді.
Ғалымжан ӨТЕНБАЕВ, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы: «Яғни, 10 үй болатын болса КСК-да, нашарлау үйге қаржы көп жұмсалып кететін. Бұл басқа тұрғындардың наразылығын білдіретін. «Біз қаржы бірдей жинаймыз, бірақ біздің қаржымыз пәленшеге кетіп қалады. Біз оған келіспейміз» деген наразылықтар көп болғандықтан осындай жаңа бағдарлама іске асырылып жатыр. Бір шот-бір бірлестік деген».
Сонымен қатар, жаңа басқару жүйесіне енгізілген тұрғын үйлер қайтарымды қаражат негізінде республикалық бюджеттен нысанды жөндеуден өткізе алады. Бұдан өзге тұрғын үй емес жайларды жалға беруге және жарнама орналастырып, одан түскен қаржыны тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына жұмсауға болады. Мүлік иелерінің бірлестігін құру үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің 51 пайызының келісімі қажет. Ал, жай серіктестік құруға 100 пайыз келісім беруі шарт.
Ғалымжан ӨТЕНБАЕВ, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы: «Реформаның басты артықшылығы кондоминиум нысандарын басқару органына меншік иелерінің тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу. Қабылданған механизм әр үйге бір бірлестік пен бір есепшот құралады. Жұмыстарға тапсырыс беруші меншік иелері болады. Мердігерлермен жұмыстарды бағалайды. Актілерге сәйкес мердігерлердің қызметтері үшін ақы төлейді. Әр үйге жеке -жеке күрделі жөндеуге қаражат жинайды».
Бүгінгі таңда Шымкентте көпқабатты 2236 тұрғын үй бар. Оның ішінде коммуналдық тұрғын үй қоры 130, кондоминиум нысаны бойынша тіркелгені 1672, тіркелмегені 471. Жаңадан енгізілген реформаға сәйкес қалада жалпы саны 43 мүлік иелерінің бірлестігі және 143 жәй серіктестік тіркелген.