Президент Алексей Цойдың жұмысын сынға алды

82

Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирустан өлім дерегі үш пайызға жуық көбейген. Бұл туралы еліміздің бас дәрігері дабыл қағып отыр. Сөзінше қаңтардан бері індет тек елімізде емес, әлемде күшейген. Бүгінде дүниежүзі бойынша квиден 2 млн. 800 мың адам көз жұмса, оның 3000-ы қазақстандық. Сұрықсыз бұл статистикаға Мемлекет басшысының көңілі толмай отыр.

Ал, денсаулық сақтау министрінің мәліметінше бұл бар сұмдықтың бергі жағы. Сәуір айынан маусымға дейін ахуал одан әрі ауырлай түсуі мүмкін. Болжам бойынша ауруханаға күніне 4000 науқас түсуі ғажап емес. Айта кетейік, наурыздың басымен салыстырғанда індет жұқтырғандар саны қазір екі есе көбейген. Бүгінде ел бойынша 6 облыс «қызыл белдеуде» тұр.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Бүгінде Қазақстан бойынша 6 облыс қызыл аймақта тұр. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары. Қала берді елімізде вирустың өзге штамдары да анықталуда. Ең қиын жағдайда сәуір айында ауруханаға күніне 4000 науқас түсуі мүмкін. Ал, болжам бойынша індет жұқтырғандар саны 2000-ға жетуі ғажап емес».

Бас дәрігердің берген бұл болжамына Мемлекет басшысы бірқатар сұрақ қойды. Алексей Цойдың сөзінше, Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Ал, вакцина салдырғандар саны 137 мыңға жеткен. Министрдің айтуынша, олардың қатары дәл осы айда тағы 1 млн-ға жетпек. Ал, Мемлекет басшысы жағдай сәуірде тәуір болмаса, бәрінің жылы орнымен қоштасатынын шегелеп айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті: «Мен сізге дәл қазіргі сәтте үкіметтегі бас тұлғаның денсаулық сақтау министрі екенін айтқанмын. Сіз жұмысты өте жақсы бастадыңыз, бірақ, кейін ісіңіз баяулап қалды. Сәуір айының ішінде жағдайды түзеулеріңіз керек. Әйтпесе, кадрлық ауыс-түйістер орын алады. Осыны айтуға мәжбүрмін. Бұл бір ғана денсаулық сақтау министріне қатысты емес, бүтін бір үкімет мүшелеріне қатысты».

Жоспар бойынша, сәуір айында отандық «Казковид» вакцинасы дайын болмақ. Жауаптылар жарты жыл ішінде тұрғындарға 6 млн. дозаны салуды алға қойып отыр.

Назерке Үкібасова