Шымкенттік узист дәрігерлер біліктілігін арттыруда. Шарананың туа бітті ақауын анықтау үшін өтіп жатқан шеберлік сабағын ресейлік ақ халатты жүргізуде.
Елімізге тұңғыш рет келген Ульяна Струпнева жергілікті мамандардың сауаттылығын баса айтты. Сөзінше ақ халаттыларға мұндай дәрістер ауадай қажет.
Айта кетейік, дәріс шеберлік сабағы онлайн түрде өтуде. Көрші елден келген қонақ көрші кабинеттен өз білгенімен бөліседі. Ал оны жергілікті ақ халаттылар конференц- залдан тыңдап отыр. Мегаполис мамандарының айтуынша, олар практикалық сабақтан бөлек дәріс те тыңдап үлгерген. Бұрын-соңды білмеген жаңалықтарды естідік деген ақ халаттылар қаланың барлық ауруханасынан жиналған гинекологтар болып табылады.
Шеберлік сабағы 10 күнге жалғасады. Шарананың туа бітті ақауын диагностика арқылы білу дәрісіне 56 узист қатысуда.
Назерке Үкібасова