Шенеунікке сыйлық бергендер 4,5 млн. теңгеге дейін айыппұл төлейді

117

Шенеунікке сыйлық бергендер 4,5 млн. теңгеден қағылады. Осылай деген Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енді заттай сыйлық бергендердің жазасыз қалмайтынын жеткізді.

Жауаптыларға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тарту-таралғы жасағандар 600 мың теңге айыппұл төлейді. Ал, егер берген пара 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, 2 млн. теңгесінен айырылады. Азамат осынша қаржысынан қағылғанына қарамастан, ауызбастырық беруден тайынбаса, 4,5 млн. теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары: «Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге. Қазір заңнамада сыйлықтар беруге және алуға толық тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салғым келеді. Мұндай норма өткен жылдың соңында қолданысқа енгізілді».

Назерке Үкібасова