Шымкент: Қоғамдық кеңес мүшелері сайланды

110

 Шымкентте қоғамдық кеңес мүшелері сайланды. Бүгін өткен жұмысшы тобының отырысында барлығы 10 азамат бас қосты. Олардың үшеуі жиынға онлайн қатысты.

Ал, жиналғандарға жетекшілікті Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жасады. Алдымен сөз алған Бахадыр Мадәліұлы жұмысшы тобының мақсатын түсіндіріп өтті.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы: «Жұмысшы топтың негізгі мақсаты алғашқы іріктеу болатын вакантты орындарға азаматтарды сайлау. Одан кейін ол өз күшін жояды».

Осыдан кейін топ бір-біріне дауыс беруге көшті. Көпшілік алдында ашық өткен сайлау нәтижесінде тек 7 азамат қоғамдық кеңес мүшесі атанды. Ал олардың жетекшісі болып Ұлықпан Бәшенов сайланды. Айта кетейік, сайланған топтағы екі азамат мемлекеттік қызметкер. Ал, қалғандары кәсіпкер, БАҚ өкілдері мен қоғамдық бірлестік және қор төрағалары.

Назерке Үкібасова