Шымкент қаласындағы № 2 аурухана базасында Нұр-Сұлтан қаласының №1 ауруханасының рентгенхирург дәрігері Евгений Мунның қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Тәжірибе алмасу барысында білікті мамандар бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа жабық ота жасады.
Операция жасалған науқасқа бір жыл бұрын бауыр гемангиомасы эмболизациясы жасалған. Дәрігерлер пациентке екінші кезеңде тіліксіз ота жасады. Нақтырақ айтқанда, бауыр гемангиомасын радио-жиілікті аблациясын жасап, ағзасын сақтап қалды.
«Операцияны миниинвазивті әдіспен яғни науқастың ағзасын тілмей, ешбір кеспей, заманауи медициналық құрылғы — ангиографты қолданылып жасадық. Бауырдың қатерсіз ісігі үлкен көлемде, егер дәстүрлі ота жасаған болсақ, бауырдың жартысынан астам бөлігін алып тастауға тура келетін еді. Біздің ота арқылы, бауырдың қатерсіз ісігінің көлемін алғашқы ота арқылы кішірейтіп, кейіннен осы отаны қайталап, бауырдың қатерсіз ісігін толықтай жоюға болады»-дейді аурухананың білікті рентгенхирург дәрігері Нуржан Карабаев.
Сонымен қатар, №2 қалалық ауруханасына жедел түрде жатыр миомасымен және қан ағумен түскен екі науқасқа жатыр артерияларының эмболизациясы жасалынды. Пациенттердің отадан кейінгі жағдайлары бірқалыпты. Денсаулықтары жақсарған науқастарды дәрігерлер ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.