Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты фестиваль өтеді

208

«Түркістандық ауыл жастарын кітапқа құмарту керек». Осылай деген облыстық мәдениет басқармасындағылар бірнеше кітап фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оның бірі «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» деп аталса, екіншісі «Ұлы дала руханияты». Айта кетейік, аймақ бойынша 390 кітапхана бар. Олар өткен жылы 121 686 оқулықпен толыққан болатын.

Әзімхан ҚОЙЛЫБАЕВ, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «Жоспарланып отырған фестивальдардың барлығы жыл аясында өтеді. Жақында сәуір айының аяғында 26-29 арасында театр фестивалі өтеді».

Бұдан бөлек, Түркістанның түркі елдері астанасы атануына орай аймақта бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, театр фестивалі, суретшілер симпозиумы, ақын-жазушылар кездесуі және анимациялық фильмдер мен өнер фестивальдарі өтеді деген жоспар бар.

Назерке Үкібасова