ЭКҰ квотасы кімдерге берілмейді?

137

Экстрокорпаралды ұрықтандыруға квота қай кезде берілмейді? Бұл сұраққа медициналық көмек сапасын бақылау департаментінің директоры жауап берді.

Ләззат Шоманова сөзінше жолдама жатырды емдеуге мүмкіндік болған жағдайда, не онкологиялық аурулар анықталғанда берілмейді. Тек бар күдер үзерлік, мүмкіндік таусылғанда ғана жасанды ұрықтандыруға квота ұсынылады дейді департамент басшысы.

Ләззат ШОМАНОВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры: «Әйелдерге экстракорпоралды ұрықтандыруға квота алудан бірнеше жағдайда бас тартылуы мүмкін. Егер жатырдың немесе жатыр түтіктерінің туабіткен немесе жүре пайда болған аномалиялары, соматикалық, онкологиялық аурулар, емдеуді қажет ететін жіті қабыну аурулары болса — квота берілмейді. Бұл ретте пациенттер тіркелген жері бойынша емханаға жүгінеді. Егер дәрігерлер қарапайым жүктілік үшін барлық емдік мүмкіндік таусылғанын түсінсе, онда әйелдерді экстракорпоралды ұрықтандыруға жібере бастайды».

Ал, квота алу үшін болашақ ана арнайы тізімге тіркелуі керек. Сосын ғана мамандар дайындығынан өтіп, құжат жинау басталмақ. Айта кетейік, қазір 19 медициналық орталықпен келісімшарт жасалған. Оның 18 жеке кешен. Таңдау еркі квота иесінің еркінде қалып отыр.

Назерке Үкібасова