Полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төккен тұрғындарды анықтау бойынша профилактикалық іс-шарасын жалғастырып жатыр.
2021 жылдың 8-мамырында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен ауданда абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында «Мирас» шағынауданындағы Арғынбеков көшесі бойында кәріз құдығы тастарын түсіріп қойған тұрғын анықталды.
Учаскелік полиция инспекторы азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізді. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті тұрғын ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қаланың тазалығы – еліміздің тазалығы. Тазалық — денсаулық кепілі. Қаламыздың әрбір тұрғыны өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстаса қала келбеттене түседі.