Алимент төлеуден жалтаратындар көбейген

89

Елімізде алимент төлеуден жалтаратындар көбейген. Әділет министрлігінің мәліметіне сай, қазір 220 мыңнан астам адам алимент бойынша берешек.

Оның 214 мыңы ер адам, алты жарым мыңнан астамы әйел. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1 пайызға көп. Ал 17 мың борышкердің ісі сотта қаралып жатыр. Олардың қарызы 12 миллиард теңгеден асып кеткен.

Ал 9 мыңға жуық адам жалақысын ала алмай жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше жұмыс берушілері оларға бір миллиард 300 миллион теңге қарыз. Қазір инспекторлар еңбек құқығын бұзған 400-ден астам кәсіпорынға айыппұл салып, жалақы төлене бастады.

Шынар Оразова