Балықтан қалған лас суды жолға төккен тұрғын жауапқа тартылды

305

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтың тапсырмасымен 2021 жылдың 26-сәуір күнінен бастап полиция қызметкерлері «Таза қала» рейдік іс-шарасын жалғастырып жатыр. Іс-шара барысында абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 500-ге жуық жайт анықталды.

Мысалы: 2021 жылдың 5-мамырында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақта рейдтік іс-шарасын жүргізу барысында Ақпан Батыр көшесі бойында балықтан қалған сумен ластанған жолды анықтады. Тексеру барысында абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғын ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.