Шымкент: 109 адамнан КВИ анықталды

100

Қазақстанда өткен тәулікте 2433 адамда коронавирус ПТР-сынама арқылы расталды. Өңірлер бойынша Шымкент қаласында 109 адамнан анықталған.

Айта кетейік, елімізде 17 мамыр күні коронавирус 1837 адамда анықталса, 18 мамырда 2018 адамда тіркелді.

Ал жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 366481 адамда расталды.
Сондықтан, вакцинация инфекцияға қарсы күресте тиімді және қолжетімді жалғыз құрал дейді, мамандар.