Шымкентте жел қашан тоқтайды? – синоптиктер болжамы

306

Шымкентте бірнеше күннен бері тұрған жел бірте-бірте басылады. Синоптиктер осылай деп отыр. Айта кетейік, өткен демалыс күндері қаладағы Ай көмек орталығына 2 жарым мыңнан астам  қоңырау түскен. Тұрғындардың басым бөлігі желдің салдарынан сөнген электр жарығына шағымданған.

Тәулік бойы қызмет ететін Айкөмек орталығының мамандарына демалыс күні айтарлықтай салмақ түскен. Себебі бірнеше күн бойы тұрған жел жұртты біраз әбігерге салған. Сенбі, жексенбі күні операторлар 2,5 мыңнан астам қоңырау қабылдадық дейді. Сарапшылар әрбір шағым бойынша тиісті әкімдік, басқарма, мекемелердің шара көруі бойынша жұмыс атқарған. Шымкент тұрғындарының басым бөлігі электр жарығының сөнуіне шағымданыпты.

Тоқжан ӘБІШ, iKomek орталығының бас сарапшы: «Қаладағы Абай, Әл Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының тұрғындары электр жарығы өшті деп қоңырау шалды. Барлық арыздар тиісті аудан әкімдігі, басқарма, ОЖТ, басқармаларға шара көрілуі үшін жолданды. Оншақты билбордтарға да зақым келітірілді. Оны да біздің қоңырауымыздан кейін сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасы реттеді. Әзірге жұмыстар қаланың іргесіндегі шағынаудандар мен тұрғын алабтарында жалғасуда».

Айта кетейік, 13 мен 17 мамыр аралығында қалада екпіні 15-20 метр-секундына жел тұратына жайлы дауылды ескерту жарияланған болатын. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы апатты жағдайларды реттеуге дайын болдық дейді
Төреғали ҮРКІМБАЕВ, Шымкент қаласы бойынша ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы: «Біздегі техника,  департаменттің жеке құрамы  дайын болды. Алайда бізге ешқандай қоңырау түспеді».

Синоптиктер алдағы күндері жел бірте-бірте басылады, ауа райы алдағы күндері ысиды деген болжам жасауда.

Динара Айтмырзаева, инженер-синоптик: «Қазақстан  аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болғандықтан, жауын- шашынсыз, кұрғақ ауа райы  сақталды. Бұл антициклон Балхаштың маңында  орналасқандықтан, Солтүстік шығыстан жел тұрып,  бізде 13-17 аралығында желдің екпіні 15-20 м/сек жетті.  19-20 жауын шашын болмайды,  жел саябырси түседі. 20 амырда облыстың кейбір жерлерінде  шамалы жаңбыр жауады. Күндіз ауа темпертурасы 28-31, кейбір жерлерде 35 градус ыстық, түнде 15-20 градус жылы».

Шынар Оразова