Шымкенттік боксшылар жеңіспен оралды

379

Шымкенттіктер жастар арасындағы сайыстан жеңіспен оралған жерлестерін қарсы алды. Бокс турнирінде шымкенттік спортшылар ең мықты болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Аталмыш сайыс Атырау қаласында өтті. Онда еліміздің 17 өңірінен 170-тен астам спортшы жиналған.

Бұл қаламыздың мәртебесін жоғарылатқан спортшылар. Олар Атырау қаласында өткен жастар арасындағы бокс турнирінен жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Берік Серікбай, жаттықтырушы: «Біздің команда бірінші орын алды. Барлығы бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Жастар ойындары 4 жылда бір рет өтеді және олардың жеңімпазы болу өте құрметті. Біздің спортшылар өздерінің қабілеттерін көрсетті».

Жастар ойынында шымкенттік 11 спортшы бақ сынады. Солардың бірі 18 жасар Диана Мағауияева. Былғары қолғап шебері қаламызға алтын медальмен оралды.

Диана Магауяева, спортшы: «Барлығыңызға және менің жаттықтырушыма рахмет, біз осы медальдарды жеңіп алу үшін көп жұмыс жасадық. Алғашқы жекпе-жегімді Алматы облысынан келген қызбен өткізсем, үшінші раундта оны нокдаунға жібердім. Екінші раунд қарағандылық боксшымен болды, үшінші раундта мен оны жеңдім. Финалда Алматыдан келген мықты спортшымен де кездестім. Бақытымызға орай, мен күшті болдым».

Атырау қаласында өткен додада еліміздің 17 өңірінен 176 боксшы өнер көрсетті. Ал шымкенттік спортшылар осыншама қатысушы арасынан суырылып шығып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Рахманбек Арғымбаев, Шымкент қаласы Бокс федерациясының директоры: «Өздеріңіз білетіндей жастар ойыны 4 жылда бір рет өткізіледі. Қазіргі уақытта Шымкентте екі федерация бар. Ол бокс және үстел тенисі. Федерацияның президенті Асқар Тұрысбековтың қоладауымен осылайша жеңіске жетіп жүрміз. Оған деген алғысым шексіз».

Ендігі кезекте спортшыларды осы күзде Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін сайыс күтіп тұр. Сол себепті, босаңсуға болмайды. Дайындықты тағы да шыңдай түсу керек дейді олар.