Шымкенттік полицейлер 680 мың теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады

274

 

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда 2021 жылдың 31-қаңтарында «М» есімді азамат Қытай елінен он күнде аккумулятор тауарларын әкеліп беремін деп уәде берген.

Жәбірленушінің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы өзіне 680 мың теңге ақшасын аудартып алған. Полиция қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті азамат Алматы облысының тұрғыны екені анықталды.

Тексеру амалдары жүргізілуде.