Вакцина салдырып коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 104-ке жетті. Осылай деген еліміздің денсаулық сақтау министрлік өкілдері халыққа жағдайды дұрыс түсіну керек дейді.
Сөздерінше бұл науқастар екпені кви жұқтырған соң қабылдаған. Және «Спутник-видің» тиміділігі 92 пайыз екенін еске салды. Айтуларынша қалған 8 пайызында иммундық жауап бомайды.
Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы: «Біз вакцинациядан кейін, бірінші және екіншісі компоненттен кейінгі сырқаттанушылыққа міндетті түрде мониторинг жүргіземіз. Жалпы еліміз бойынша бірінші компоненттен кейін аурудың 541 жағдайы тіркелді. Екінші компоненттен кейін — 104 жағдай».
Бұдан бөлек, бір ай ішінде 2 млн тұрғынға екпе салып үлгереміз деген Алексей Цой сөзі тағы да уәде күйінде қалатын сыңайлы. Себебі мереке күндері вакцина салу қарқыны әлдеқайда төмендеген.
Ресми мәлімет бойынша квиге қарсы препарат қабылдаған қазақстандықтар саны енді ғана 800 мыңнан асты.
Марат ШОРАНОВ, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі: «Сәуірде вакцинация қарқыны тәулігіне 100 мың адамнан асты. Бүгінде бұл көрсеткіш бір күніне орташа есеппен 30-дан 60 мыңға дейін. Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші кезектегі міндеті халыққа вакцинация жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету екенін түсінеміз. Қазір халықтың вакцинацияға белсенділігі төмендеп кетті. Бұл ең алдымен мамырдағы мерекелермен байланысты шығар. Біз әлі де халықтың санасы мен белсенділігіне үміттенеміз»..