Жаттықтырушылар жалақысы 25 пайызға көтеріледі

103

Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар жалақысы көтеріледі. Бұл туралы еліміздің мәдениет және спорт вице-министрі мәжілістің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Сала өкілінің сөзінше жаңалық спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлеріне қатысты.

Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі: «Пандемия кезінде мемлекет әлеуметтік қолдау шараларын және республикалық спорт ұйымдарын қаржыландыруды тоқтатқан жоқ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы көбейтілді, ол 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өсетін болады».

Бұдан бөлек, жиында сабақтан тыс спорттық сабақ жүргізетін мұғалімдер жағдайы да талқыланды. Министр орынбасарының сөзінше оларға ақыры 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы беру мәселесіне нүкте қойылған. Және осыған байланысты іс-шаралар жүзеге асырылуда екен.

Назерке Үкібасова