«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты шеңберінде жақын арада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 адамды жолдау жоспарлануда.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында, 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында және 1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында еңбек нарығының сұранысына сәйкес қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді. Оқуға жолданатын жұмысшы 30-дан аса мамандықтардың басым бөлігі қызмет көрсету, өндіріс саласындағы мамандықтар (тігінші, арнайы тігінші, токарь, дәнекерлеуші, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, аспаз, кондитер, пішуші, слесарь-сантехник, электргазымендәнекерлеуші және т.б).

Ақысыз оқу курстарына қатысушы азаматтарға ай сайын 17 мың тг шәкіртақы төленеді. Айта кету керек, бағдарлама талаптарына сәйкес, алдыңғы жылдары оқуды аяқтаған азаматтардың 60% тұрақты жұмысқа орналастырған.