Нұротандықтар журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

127

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Еліміздегі көшбасшы партиясының жұмысын ақпарат кеңістігінде белсенді насихаттап, халықты ақпараттандырған бірқатар тілшілер партияның қалалық филиалы фракциясының стипендиясымен марапатталды.  Арыс қаласындағы жарылыс, Мақтарал ауданындағы су тасқыны, қалпына келтіру бағытындағы атқарылған жұмыстар БАҚ өкілдерінің жұмысының өзектілігін тағы бір айқындап берді дейді халық қалаулылары.

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы: «Пандемия кезінде  өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, маска жетпеген жағдайда, қолдарымен маска тігіп, алып  стационарлардан, ауруханалардан репортаждарын жасап, халықты құлақтандырып тұрды. Арыста жарылыс, Мақтаралда су тасқыны болғанда, ондағы қалпына келтіру жұмыстары, гуманитарлық көмек, жерлестеріміздің қолдауы жайлы  шынайы материалдармен халықты таныстырып жатты. Бұл өз таңдаған мамандықтарына  деген адалдығы халқына деген жанашырлығы».

Шымкент қалалық филиалы фракциясының стипендиясымен марапатталған Ғани Калмахан мүмкіндікті пайдаланып әріпстерін кәсіби меркесімен құттықтады.

 

Шынар Оразова